Главная » 2011 » Маусым » 23 » Ағза сағаты
18:32
Ағза сағаты

Адам баласы – мынау кіршіксіз құрылып, қатесіз жұмыс істеп тұрған алып дүние механизмінің бір бөлшегі. Ал, осы мінсіз тәртіпке бағынбаймын деген адамдардың өміріне қиындық туары сөзсіз.


Мұның айқын мысалын – адам жеке басының күн тәртібі мен жұмыс істеу уақыттарының өз биологиялық сағатының ең жемісті кездеріне сай келуінен байқауға болады. Түннің екінші жартысынан бастап жұмыс істейтіндердің биологиялық сағаттары қоршаған ортаның, яғни табиғи сағаттармен сай келмеуінен түрлі психо-физикалық ауруларға душар болуы мүмкін. Дегенмен, қазіргі кезде адам ағзасының биологиялық сағаттарын өзгерту арқылы түнде жұмыс істеуге қолайлы шарттар жасалынуда.


Ғалымдардың айтуы бойынша: түнімен жарық жерде жұмыс істеген адам күндіз қараңғы жерде ұйықтау арқылы жұмыс қабілеттілігін ағза сағаттарына үйлестіре алады. Ал түнде жұмыс істеуге дене сағаттары бейімделмеген болса, онда кісінің жұмыс істеу көрсеткіші төмендейді, ағза шаршайды, соңында түрлі жүрек ауруларына себеп болуы әбден мүмкін.


Осы мәселе турасында он топқа тәжірибе жүргізілді. Алғашында он топ бес-бестен екі топқа бөлінді. Дені сау жас жігіттерден тұратын бірінші бес топ мүшелері қалыпты бөлме жарығында түні бойы жұмыс істеді. Ал екінші бес топ таңсәрі жарығына тең келетін жарықта түні бойы жұмыс істеді. Түнгі жұмыстан соң бұлардың таңғы 9:00 дан түстен кейінгі 17:00 - ге дейін ұйықтауы қамтамасыз етілді. Түнгі тәжірибе барысында сынаққа алынған кісілердің жұмыс көрсеткіштері мен дене температурасының өзгеруі секілді мәселер турасында мәліметтер алынды.


Тәжірибенің бірінші күні екінші бес топ мүшелерінің барлығының дерлік дене температураларында өзгерістер байқалды. Ең төменгі температура топ мүшелерінің оянуына 2 сағат қалғанда  яғни таңғы 5-те байқалды. Ал алтыншы күні осы топтағылардың  дене температурасында өзгерістер білінді. Тәуліктегі ең төменгі температура түстен кейінгі 15:00-де байқалып, өзінің қалыпты уақытынан 10 сағат кешікті. Ал бірінші бес топ мүшелерінің дене температурасында тек 1 сағатқа кешігу байқалды. Дәрет, ас қорыту сияқты ағзада байқалатын басқа биологиялық  зат алмасулар тексерілгенде, бірінші бес топ мүшелерінің түнде жұмыс істеуге әлі де болса денелерінің дағдыланбағандығы анықталды. Алтыншы күнгі мәлімет бойынша, екінші бес топ бірінші бес топ мүшелерге қарағанда өз жұмыстарында тиянақтырақ екені байқалды.


Сонымен, ғалымдар дене сағаты-ның өзгертілу барысында адам психологиясының өте маңызды рөл атқаратынын айқындады. Яғни, қараңғылық пен жарықтың шамасын гипоталамус жүйесі анықтайды. Ал гипоталамус өз кезегінде жүрек пен барлық денені түнгі тәртіпке алдын ала бейімдейді екен.


Осы ғажайып тетікті мүлтіксіз іске асырушы Ұлы Жаратушының адамзатқа жолдаған Ұлық Кітабындағы айтылған хабары ғылымда осылайша дәлелденуде.

 

«Қараңғылықты жарып таңды атырған да Сол. Түнді тынығу, уақыттарыңызды есептеу үшін  Күн мен Айды да Сол жаратты. Міне бұлардың барлығы ғазиз әрі білгір, бәрін толықтай білетін Аллаһтың бұйрығы».
«Құрлық пен теңіздің қараңғылығында сіздерге жұлдыздарға қарап жол табу мүмкіндігін берген де Сол. Шынайы білгісі, ұққысы келгендер үшін аяттарымызды осылай ашық білдірдік». 
(Әнам – 96-97 аяттар)

 

Маханбет ШанжарханұлыАғза сағаты

Просмотров: 1475 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: