Главная » 2011 » Қыркүйек » 8 » Қабір Зияраты
10:41
Қабір Зияраты

Сұрақ: Қабір зияраты қалай орындалады?

Жауап: Өлімді еске алу, өлгендерден ғибрат алу және ахиретті ойлау үшін қабірді зиярат ету сүннет болып табылады. Қабір зияратаы адамның есіне өзінің де дәл сол жағдайға тап болатынын түсіреді. Ешкімге жамандық ойламайтын болады. Өлімді ойлаған кісі жақсы мұсылман болып өмір сүруге тырысады. Ханафи мазһабында бейсенбі, жұма және сенбі күндері қабірді зиярат жасау сүннет болып табылады. Шафии мазһабында бейсенбі күнгі екінді намазы уақытынан бастап сенбі күні күн шыққанға дейін зиярат ету сүннет.

Зиярат еткен адамның мәйітке Құран кәрім оқуы, оған дұға етуі керек. Бұлардың мәйітке көп пайдасы тиеді. Мазаратқа кірген кезде «Әссаламу алейкум йа Әһлә-дарил қаумил муминин! Инна иншааллаһу ан қарибин бикум лаһиқун» деп айту сүннет.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір мұсылманның қабірін зиярат етіп жатқанда, Аллаһуммә инни әсъәлукә би хурмәти Мухаммәд алейһиссалам ән лә туаззибә һәзәлмәййит деп айтылса, ол мәйіттің азабы қияметке дейін тоқтатылады.» (Әтфал-ул муслимин)

Тағы бір хадис шәрифте былай делінген:

«Ата-ананың қабірін жұма күні зиярат еткен адамның күнәлары кешіріледі, ақыларын өтеген болады» (Тирмизи)

Әулиені зиярат ету үшін алыс жерлерге бару және берекеттену, пайдалану ниетімен қабірлерін зиярат ету мустаһаб болады. Расулуллаһтың мүбәрәк қабірін зиярат ету – ғибадаттардың ең құндыларының бірі болып саналады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Қабірімді зиярат еткен адамға шапағат етуім уәжіп болады.»(Табарани, Бәззар)

Зиярат үшін барғанда қабірдің айналасында Қағбадан айналғандай айналу, қабірді сүю жаиз емес. "Хиндийя” кітабында ата-ананың қабірін сүюдің жаиз екені білдірілген. Ата-анадан да құнды болған әулие немесе пайғамбар кесенесін сүю де жаиз болады. Әулиелерден шапағат етулері, Аллаһу та’аланың тілектерді беруіне уәсилә (арашы) болулары сұралады. «Қабірлерді зиярат еткен әйелдерді Аллаһ лағнет етсін» деген хадис шәриф Исламнан бұрынғы араб әдеті бойынша жақындары өлгенде бір жылға дейін аза тұтып, күлмей белгілі уақыттарда өліні жоқтап айқай салып жылау үшін қабір басына келетін әйелдерге айтылған болатын. Бұл надандық дәуірі әдеттерінің бірі еді. «Қабірлерді зиярат етулеріңе тыйым салған едім, бұдан кейін зиярат етіңдер. Өйткені ол сендердің естеріңе ахиретті түсіреді.»деген хадис шәриф, әйелдердің де қабірді зиярат ете алатындықтарын көрсетуде.

Әйелдердің әурет жерлері жабық түрде, фитнаға себеп болмай, анда-санда қабірді зиярат етулері жаиз. (Тахтауи)

http://mongolianislam.mn

 

Просмотров: 2111 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: