Главная » 2011 » Маусым » 24 » Арақ – шараптың азабы Ауыр дерт, рухани құлдырау
11:00
Арақ – шараптың азабы Ауыр дерт, рухани құлдырау
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Нақты деректер бойынша, елімізде араққа салынудың салдарынан жыл сайын 28 мың адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы тәрізді дерттерді асқындырып алып, көз жұмады. Жол-көлік апаты оқиғаларының да елу пайызы ішімдіктің салдарынан. Қазір Қазақстанда араққа басыбайлы құл болғандардың саны 500 мыңнан асады.

Медицина ішімдік туралы Әйел, еркекке әсері Ер адамның өзін-өзі тежей алмайтын маскүнемге айналуы 10-15 жылды қамтыса, әйелдер 3-5, кейде одан да аз уақытта маскүнем болып шыға келеді.

Емшек безі қатерлі ісігімен ауыратын әйел- дер арақ-шарап ішетін қыз-келіншектер арасында жиі кездеседі. 

Мамандардың айтуынша, еліміздегі маскүнемдердің үштен бірі түрлі психикалық ауытқуларға ұшырағандар. Іштегі балаға зияны Арақ-шарап ішпейтін әйелдерге қарағанда оны аз болса да татып алатын әйелдердің дүниеге әкеле-тін сәбилерінің 100 пайызының:

1. 89 пайызы әлсіз болып туады.
2. 84 пайызы болашақта психикалық қиындықтарға ұшырайды және басы тиісті мөлшерінен кіші болып бітеді.
3. 80 пайызының сөйлеу мүшелерінде кемістік орын алады.
4. 80 пайызының терісі зақымдалған болады.

5. 51 пайызының аяқ- қол саусақтары қисық болып жаратылады.
6. 46 пайызының жыныстық мүшелерін-де, 41 пайызының есту мүшелерінде кемістік байқалады. 
7. 29 пайызы жүрек ауруына шалдыққан күйде дүниеге келеді. 8. 25 пайызында көру қабілеті төмен болады.
9. 10 пайызының бүйрегі толық істемейді. 
10. Бір шыны сыраның өзі ана құрсағындағы сәбидің миына әсер етеді.
Адам ағзасына зияны 
1. Бастың қатты ауруы.
2. Көздің бұлдырауы.
3. Ақыл-сана, абырой, намыстан айыруы.
4. Ағзаның ауруларға қарсы тұратын күш- қуатының жойылып, әлсіреуі.
5. Отбасы мен адамдар арасындағы дау-жанжалға қалдыруы.
6. Ми, бауыр, жүректің зақымдануы. Ұзақ уақыт араққа салынған адамның бауыры қалыптағыдан 14 есе артық жұмыс істейді, бауыр циррозы, бауыр қатерлі ісігі дамиды. 
7. Алкоголь ас қо-рыту мүшелерін қатты зақымдайды, асқазан жарасы, өңеш жарасы тәрізді дерттерге ұрындырады. 
8. Ішек қатерлі ісігі араққа салынғандар арасында басқалармен салыстырғанда үш есе көп кездеседі.
9. Ішкіліктің әсерінен зорлық-зомбылық, ұрлық, кісі өлтіру тәрізді қылмыстар орын алады, адам рухани күйзеліске ұшырайды. 
10. Көп ішкенде адамның көз алдына жын-шайтан елестейді.
Маскүнемдіктің 3 кезеңі 1 кезең. Мұнда арақты ішу мөлшері бұзылады. Тек олар ертеңіне бас жазбайды.
2 кезең. Арақты ішу мөлшері өзгереді. Енді бас жазу синдромы – «апсенетный синдром» басталады. Яғни, олар ертеңіне арақ ішпесе, бастары ауырады, жүрегі қысады. Сондайда 100 грамм ішсе, бұлардың бәрі басылғандай сезіледі. Алайда 1-2 са-ғаттан соң ол өз күшін жойып, тағы да бас, жүрек ауыра бастайды, көзге әртүрлі елестер көрінеді. 

3 кезең. Бұрын ішімдікке салынған адам 1-3 литр араққа мас болса, енді жүз грамм араққа да мас болып қалады Бұл адамның «дегерадацияға» ұшырауы. «Дегерадацияға» ұшыраған адамда «бала-шағам барау, оларды асырауым керек-ау» деген ой болмайды.

Маскүнемдіктің І-ІІ кезеңінде адамды емдеп, бетін бері қаратуға болады. Тек маскүнемдіктің ІІІ кезеңінде жұмыс жүргізу өте күрделі. Ондай адамдарды емдеуге ұзақ уақыт қажет. 

Шариғат арақ-шарап туралы Ішімдіктің харамдығы Жаһилет дәуірінде арабтар ішімдікке салынып, шарап олардың тілдік қорына да әсер етті. Арабша шараптың жүздеген атауы болды.

Ислам діні елге тарай бастағаннан-ақ, арақ-шарапқа бірте-бірте тыйым салынып, ең бірінші, ішімдіктің пайдасынан зиянының көптігі халыққа түсіндірілді. Шарап ішетіндердің намаз оқуына тыйым салынды. Осыған орай Аллаһ Тағаладан мынандай аят түсті: «Ей, иман келтірген-дер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну, оқпен бал ашып, бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан сендердің араларыңа дұшпандық – Ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?» (Маъида сүресі, 90-91 аяттар). Бір адам Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) балдан, бидай мен арпадан жасалатын күшті ішімдіктер туралы сұрағанында ол былай деп жауап берген: «Шарап – мас қылады, сондықтан шараптың барлығы да – харам».

Пайғамбарымыздың хадистерінен:
 → Кімде-кім арақ ішсе, оған күйеуге шықпаңдар. Ауырып қалса, көңілін сұрап бармаңдар. Дүниеден өтсе, жаназасына қатыспаңдар. 
 → Мені пайғамбар етіп жіберген Алланың атымен ант етіп айтамын: Алла Тағала арақты Тәурат, Забур, Інжіл, Құранда лағынеттеген.
 → Кімде-кім біреуге арақтың бір тамшысын ішкізсе, Алла Тағала оның денесін жылан, шаянға тастайды.
 → Кімде-кім біреудің арақ ішуіне жәрдемдессе, онда ол Исламның бұзылуына жәрдемдескен болады. Егер оған арақ ішу үшін қарыз берсе, онда ол бір мүминді өлтіруге жәрдемдескен болады.
 → Сондай-ақ, кімде-кім арақ ішушімен бірге отырса, Алла Тағала оны қияметте көзі көрмейтін көрсоқыр етіп тірілтеді.
 → Арақтан сақтаныңдар, өйткені ол барлық жамандықтардың кілті.
 → Мас қылатын ішімдіктерді аз ішуге де рұқсат жоқ.
 → Ішімдікке салынған адам жәннатқа жіберілмейді.
 → Таңертең ішкілік ішкен адам күн батқанға дейін Аллаһ Тағалаға серік қосқан сияқты болады, ал күн батқаннан кейін ішкілік ішкен адам таңертеңге дейін Аллаһ Тағалаға серік қосқандай болады. Аллаһ Тағала ішкілік ішкен кісінің қырық күндік намазын қабыл етпейді.
Ішімдік пен есірткі өндіру Қасиетті Ислам діні мұсылманның шарапқа байланысты барлық іс- әрекетіне (жасау, сату сияқты) тыйым салған. Егерде кімде-кім оны тыңдамай, бұл харам іске қатысты болса, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар оларға қарғыс айтқан. Арақ-шараппен бірге есірткі өндіру де Ислам дінінде – ауыр күнә. Ол есірткінің апиын, гашиш тәрізді барлық түрлеріне де қатысты. Яғни, есірткіні өндіру, сату, оған делдалдық жасау, есірткі қолданып жатқан адаммен бірге отыру – харам саналады.

Арақ-шарап сату
Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мұсылмандар-дың арақ-шарап сатуына, оны сатып алуына, арақ-шарап саудасына делдалдық жасауына, ішуі мен құюына тыйым салған. Мұхаммед (с.ғ.с.) шарапқа байла-нысты мынандай он нәр- сеге қарғыс айтқан.:
1. Шарап жемісін сығуды талап еткенге.
2. Оны сығушыға.
3. Шарап иесіне.
4. Шараппен сауда жасаушыға.
5. Шарапты сатып алуды талап етушіге.
6. Шарапты сатып алған адамға.
7. Шарап саудасынан пайда тапқанға.
8. Шарап ішкенге. 
9. Ішушімен дастарқандас болғандарға.
10. Арақ-шарапқа.
Ішімдікке салынғандардан аулақ болу
Сүннә әрбір мұсыл-манның арақ-шарап ішілетін орындарда болуына тыйым салады. Омар (Аллаһ одан разы болсын): 
«Мен бірде Пайғамбарымыздың: «Кімде-кім Алланың бірлігіне, ахиреттің барлығына сенетін болса, ол шарап қойылған дастарқанға отырмайды» дегенін естідім», - депті (Хадис Ахмедте, әт-Термизиде айтылады).
Ішімдікке салынғандар арасында бір мұслыман еркісіз, мәжбүрлікпен қалып қоятын болса, ол мына аятты басшылыққа алуға тиіс:

«(Құранда) Алланың өздеріңе айтқанындай, егер Алланың аяттарын күстаналап мазақтап жатқанын естісеңдер, сөз сарыны басқаға ауысқанға дейін олардың қатарында отырмаңдар. Әйтпесе, олар сияқты сендер де кәпір боласыңдар» (Ниса сү-ресі, 140аят).
Мас қылатын ішімдіктерді ішу Шариғатта үлкен күнәлардың он төртіншісі – маскүнемдік. Адам арақты аз ішсе де, көп ішсе де, үлкен күнәға батқан болып саналады.
Ислам діні жаңа пайда болғанға дейін халық арасында арақ ішу, құмар ойнау тәрізді харам істер кең тарап кеткенді. Сол себепті Ислам діні ең бірінші, ішімдіктің қаншалықты зиянды екенін адамдарға түсіндіруге айрықша көңіл бөлді. 

Абдулла ибн Омар пайғамбардың мынандай сөзін келтіреді: «Мас болып, намазын бір рет қаза қылған кісі үлкен қиыншылыққа ұшырайды, құдды бүтін дүние оның мүлкі еді, ол содан мақрұм болды. Мас болу себепті намазды төрт рет қаза қылған адамды Алла Тағала ахиретте фасад суымен сусындырады, яғни ондай адамдарға фасад суын ішкізеді.

- Фасад суы деген қандай су? – деп сұрапты сахабалар.
- Тозақ отына күйдірілген адамның денесінен ағатын іріңді фасад суы дейді, - деп жауап беріпті пайғамбар».
Арақтың 10 зияны Әбу Лайс Самарқан-ди (р.ғ.) былай деген: «Арақ ішпе! Өйткені онда он жаман қасиет бар». Ал ол зияндар мынандай:
1. Арақ ақшаны ысырап етеді және ақылдан айырады.
2. Араққор арақ ішкенде жындыға айналады, жас балаларға күлкі болады, ақылды адамдардан сөз естиді.
3. Араққорлық ағайын-туыс пен достардың арасына араздық кіргізеді.
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде былай дейді:
«Негізінде шайтан арақ-та, құмарда араларыңа дұшпандық әрі кек салуды қалайды» (Мағида сүресі, 91 аят).
4. Әлбетте, арақ ішу Аллаһтың зікірінен жә- не намаздан қайтара-ды. 
5. Арақ адамды арсыздыққа, зинақорлыққа алып барады. Өйткені арақ ішіп, мас болып, өзі білмей әйелін талақ етеді. 
6. Арақ-барлық жамандықтың кілті. Арақ ішкен адам кез-келген күнә іске бейім болады. 
7. Азғындық жолына кіріп, арақ ішкен адамның сасық иісінен барлық қорғаушы періштелер қашады. 
8. Шариғат бойынша арақ ішкен адамға 80 дүре соғу – уәжіп. Егерде бұ дүниеде ұрылмаса, ахиретте ата-анасының және достарының алдында оттан болған қамшымен ұрылады.
9. Арақ ішуімен аспан есіктерін жауып қояды. Өйткені бір мәрте арақ ішкен кісінің жақсылық істері және қылған дұға – тілектері, оқыған намаздары қырық күнге дейін қабыл болмайды.
Бұл туралы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың бір хадисінде былай деп айтылған: «Үмметімнің ішінен ішкілік ішкен адамның қырық күнгі намазын Аллаһ Тағала қабыл етпейді». Осы хадиске қатысты имам Суити былай деген: «Адам бойына тараған ішкіліктің толық жойылу мерзімі – қырық күн».
10. Арақ ішуші адам уайым-қайғыға түседі. Өйткені ол өлер уақытында имансыз кетуі мүмкін. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Аллаһ Тағала ішкілік ішкен кісінің қырық күндік намазын қабыл етпейді. Осы қырық күн ішінде өліп кетсе, ол адам тозаққа түседі. Аллаһ Тағала оған назар да салмайды». Данагөйлер арақ туралы Мас болу - өз еркіңмен жындану.
Аристотель. Маскүнемдік – ақылдан алжасуға жаттығу.
Пифагор. Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі не жақсы, не жаманды білмейді. 
Абай. Шарапты көп ішкеннің ауруы да көп.
(Көне ұйғыр жазу ескерткіші).
Маскүнемдер дүниеге маскүнемдерді әкеледі Плутарх.
Шарап ішпей, бәледен жүр қашықта, Байқа, атанба зинақор да, пасық та.
Сақ бол, шарап, зинақорлық күйгізер, Олар тонын кедейліктің кигізер.
Жүсіп Баласағұни.
Жазушылар арақ туралы  → Арақтан өлгенге дұға дарымайды.
 → Ыдысыңда арақ тұрса, ырысың қарап тұрады.
 → Арақтың жанын-да адалдық пен адамдық жатпас болар.
 → Арақпен жолаяқ жасағанның жолы болмайды.
 → Маскүнем қатыннан маймыл туады. 
 → Қызың арақ ішсе – қызығыңның кеткені.
 → Ұлың арақ ішсе – ырысыңның кеткені.
 → Аждаһаның басы жетеу, Арақтың басы жетпіс.
 → Жұттың жеті атауы бар, Арақтың 700 атауы бар.
 → Арақ ішіп өлген адам да бір, арам өлген мал да бір.
Сейіт Кенжеахметұлы.
Маскүнемдерді масқаралау  → Ежелгі Мысырда арақты құлдар ғана ішкен.
 → Байырғы Қытай императорлары маскүнемдікке бой ұрғандарды өлім жазасына кескен.
 → Көне Грекияда ішкіштерге жұрт алдында қайнап тұрған шарапты ішкізген.
 → Ежелгі Римде 30-ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған.
 → Үндістанда маскүнемдерге сиырдың қайнап тұрған зәрін ішкізіп өлтірген.
 → Англияда арақ ішкендерді мойнына қамыт кигізіп, қаланың орталық көшелерімен жүргізген.
 → Ресейде І Петр тұсында арақ ішкен-дердің мойындарына салмағы 17 фунт келетін медаль тағып қойған.
 → Америкада 1885 жылы «Құрғақ қасық» заңы енгізілген.
Просмотров: 3684 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: