Главная » 2011 » Наурыз » 5 » МЕРЕКЕ ҚҰРМЕТІНЕ ҚҰРАН ЖАРЫСТАРЫ ӨТТІ
15:29
МЕРЕКЕ ҚҰРМЕТІНЕ ҚҰРАН ЖАРЫСТАРЫ ӨТТІ

Алматыдағы Өжет ықшам ауда-нындағы «Манас Қыстаубайұлы» мешітінде Мәуліт мерекесі құрметіне Құран жарысы өтті. Оған бір және  жарты пара жаттаған «Манас Қыстаубайұлы», «Заря-Востока», «Көк қайнар» мешіттері мен «Барахолка» намазханасының шәкірттері қатысты. Жарты пара бойынша 6 жасар Дәулетхан Омар І орын, 9 жасар Шароф Арафат ІІ орын және Мақсат Шәлімбаев ІІІ орын алды. 1 пара бойынша 5 жасар Сомони Кутбединов І орын, Әбдірахым Рахыбаев ІІ орын, Әзиз Әлепов ІІІ орынды иеленді. Оларға тиісінше марапаттар жасалды. Бұл жарысты ұйымдастырып, демеушілер тапқан «Манас Қыстаубайұлы» мешітінің имамы Олжас Баезовке Алла разы болсын.

*  *  *

Дәл осындай жарыс Медеу аудандық орталық мешітінде де өтті. Оған алды 15-16 пара, соңы 1 пара жаттаған жастар қатысты. Бұлар дені Алматы Орталық мешітінің наиб имамдары, қарилар Жұманазар Садырханов пен Данияр Жұмабаевтың дайындап жатқан болашақ қарилары мен осы аудандағы «Думан», «Мекке», «Нұрлы» мешіттері жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері. Жарыс қорытындысы бойынша Мұхитдин Жарылқасын І орын, Ақжол Мұхаммед ІІ орын, Нағым Нағманов, Серғазы Сабытов ІІІ орындарды, Асылбек Құдайқұлов ІV орынды иемденіп, тиісінше марапатталды. Қарилар Мұхаммеджан Әбдімажитов пен Тоқтияр Қожа Мәуліт оқыды. Мешіттегі қарилар орталығына Медеу ауданы ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Серік Түймебаев аудан әкімі атынан шағын автобус көлігін сыйға тартты.

Осынау жарысты ұйымдастырып, тиісінше демеушілер тапқан Медеу ауданының Бас имамы Сәкен Әбдіралинге Алла разы болсын!

Муфтият.кз сайтынан алынды

Просмотров: 1021 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: