Главная » 2011 » Шілде » 20 » Ораза ұстамай-ақ, оның орнына фидя садақа берсем бола ма? (Ораз)
17:00
Ораза ұстамай-ақ, оның орнына фидя садақа берсем бола ма? (Ораз)

Жауап:

Рамазан айы бойы ораза ұстау әрбір ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен ер мен әйелге парыз. Алайда осы айда қандай да бір ауруға душар болғандар (кейіннен жазылған жағдайда), сапарда жүргендер, жүкті және бала емізетін, хайыз, нифас секілді үзірлі жағдайдағы әйелдер рамазан өткен соң ұсталмаған күндерінің қазасын өтейді. Бірақ қасиетті айда ауырған адам кейін де ораза ұстауға шама-шарқы мүлдем келмесе, яғни ауруынан жазылмайтынына көзі жетсе, қартайып ораза ұстайтын күші болмаса, мұндай адамдарға әр күн үшін фидя[1] садақасын беру міндеттеледі. Егер фидя беретін адам өзі өте кедей болып, басқаларға фидя беретін жағдайы болмаса оған фидя беру уәжіп емес. Өйткені ислам діні міндетті шамасы жетпейтін адамға жүктемейді. Құранда: «Аллаһ тағала ешкімге шамасынан тыс міндет жүктемейді»[2] дегені осының бір дәлелі. Ал ораза ұстауға әлі жететін, қазасын өтей алатын кісі фидя садақасын беріп міндетінен құтыла алмайды. Тіпті дәрігерлер ауруыңнан жазылмайсың деген кісі фидя садақасын бергеннен кейін жазылып кетсе, ұсталмаған оразасының қазасын өтейді.

Бұл жөнінде Құранда Аллаһ тағала: «Оразаның күні санаулы. Сендерден біреу ауру болып немесе жолаушы жүріп (ораза ұстамаса), кейін сол күннің орнын толтырсын. Ораза ұстауға дәрменсіздер (кәрілер, яки әлсіздер) күніне жоқшылықтағы бір адам тоятындай фидя берсін. Кімде кім (көрсетілгеннен) артық берсе тіпті жақсы. Білсеңдер, сендер үшін (ауыз ашық жүруден, садақа беруден) ораза ұстағандарың әлдеқайда жақсы»  деп ашық айтқан[3].



[1] Фидия – күніне таңертең-кешке бір кедейді тамақтандыру.

[2] «Бақара» сүресі, 286 - аят..

[3] «Бақара» сүресі, 184 - аят.

Просмотров: 1325 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: