Главная » 2011 » Наурыз » 26 » ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АУДАРДЫ
09:32
ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АУДАРДЫ

Көкшетау жәмиғатының тар мешітте ғибадат етіп келе жатқанына бір жарым ғасырдан асты. Өткен жылдан бастап осы бір түйткілдің орнын толтыру мақсатында жаңа мешіттің орны белгіленіп, құрылысы басталып та кеткен. Оның іргетасын Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­масының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі қа­лап, ел-жұрттың намыс отын маз­датып жіберген. Қазір Науан Хазірет атындағы жаңа мешіттің мұна­ра­лары биіктеп қалды.

Үміт күтер үммет барын беріп жатыр. Әйткенмен, қазіргі заманның қарқыны қаржыға байланысты болып қалғандықтан, кідіріс, кібіртіктеу де орын алғанын жасырған жөн емес. Осындайда жомарттық танытып, жолымызды кеңейтіп тастайтын азаматтардың бой көрсетуі ғанибет. Көкшетау мешіті көкшеліктердікі ғана емес, әмбенің мінәжат орны екен­дігін осындайда аңғарып, халық­тық қасиетімізге тәубе еткен де сүйінішті. Олай дейтініміз, күні кеше Қазақстан Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Серік Аяғанов, Наталья Геллерт, Аманжол Жазин, Светлана Жалмағамбетова, Жексенбай Дүйсебаев, Уәлихан Қоңырбаев, Егор Каппель, Валерий Котович және Бауыржан Смайылов бірлесіп, Алла үйінің құрылысына 1 миллион теңге қаржы аударды.

Халық қалаулылары имандылық жолына ұйғарылған ақша қаражаты­ның түбіртегін «Көкшетау» мәде­ниет сарайында Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың туған айы – Мәуліт мерекесі тойланған салтанатта жергілікті имамға табыс етті. Жұртшылық Парламент қабырға­сында еліміздің игілік, мүддесі үшін аянбай қызмет етіп жүрген депу­тат­тарға «Алла разы болсын!» айтуда. Пайғамбарымыздың хадисінде: «Кім маған бір рет салауат айтса, Алла тағала оған он рет рахмет жолдайды, оның он күнәсі кешіріліп, он дәрежесі көтеріледі», делінген. Ендеше, бас көтерер азамат­тарымыз­дың бастамасы баянды болғай.

Бақберген АМАЛБЕК.

Ақмола облысы.

www.egemen.kz

Просмотров: 1043 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: