Главная » 2011 » Маусым » 1 » ҚҰРАНДА ҚАНША АЯТ БАР?
19:15
ҚҰРАНДА ҚАНША АЯТ БАР?
Әуелі бүкіл әлемді жаратқан Аллаға сансыз мадақтар болсын, ең соңғы пайғамбар Мұхаммедке с.а.с. Алланың сәлемі мен салауаты болсын.
Интернет деген жалпы не іздесең табылатын сепетке (корзина) айналып бара жатқан секілді. Бұлай деу себебім интернеттен жақсы, жаман, өмірімізге пайдалы не қатерліде ақпараттарға толып жатыр. Осы жерден тек пайдасы жөнінде айт кетсем деп едім. Интернеттен өз үлесіміз болсын деп ҚМДБ, ОҚО бойынша өкілдігі, орталық Қаттани мешіті жанынан Қаттани сайтын (www.kattani.kz) ашқан болатынбыз.   Қазіргі күні мешітке келуге уақыты болмаған жандар, мысалға мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер т.б. интернет арқылы өздерін мазалаған сұрақтарын қойып жауаптарын алып жатыр. Қазіргі күні сайтымыздың «Сұрақ-жауап» беті жұмыс істеп келеді. Сұрақ-жауап бетінің ашылғанына 3 ай енді ғана болғанымен, сұрақ қоюшылардың саны артып келеді.  Сондай сұрақтардың бірін сіздерге ұсынғалы отыр едім. Сайтымызға Рустам есімді жігіт мынадай сұрақ қойған екен. Сұрақты мәтіні:
Рустам (7 Мамыр, 2011 | 22:48)
Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!!! Менің 1-ші сұрағым құран 30 парадан тұрады. Маған әр парада қанша сүреден және қай сүреден тұратыны жайында ақпарат керек еді. 2-шісі кейбір деректерде Құранда 6666 аят бар дейді. Ал басқа бір деректерде 6616 аят делінеді, яғни қайсысы дұрыс екендігі жайлы жауап беріңізші. Жауаптарыңызды күтемін.
Осы сұрақтан соң біршама араб, түрік қала берді орыс және ана тіліміздегі әдебиеттерді ақтаруға тура келді. Енді кітаптарды ақтара келе төмендегі жауаптарды құрыстырып едім. 

Сіз білесізбе? Құранда қанша аят бар?
Құранда 14 сәжде аяты бар. Олар: Ағраф 206, Раъд 15, Нахл 41, Исра 107, Мәрйәм 58, Хаж 18, Фурқан 60, Нәмл 25, Сәжде 15, Сад 24, Фуссиләт 37, Нәжм 62, Иншиқақ 21, Ъалақ 19. Осы сәжде аяттарының қайсы бірін оқыған не естіген адамға тіләуәт сәждесін жасау уәжіп болады.
Құранда 114 сүре бар, 6 236 аят бар, "Құран Кәрім” сөзі 79 000 рет қайталанған және Құранда 323 670 әріп бар.
 Егер Құранды толық оқып шықсаңыз әр әрпіне 10 сауаптан аласыз. Яғни 323 670 х 10 тең 3 236 700 болады екен. Демек Құранды толық оқып шықсаңыз 3 236 700 сауапқа ие боласыз. Сауаптан құр қалмаңыз….
 
Құранда қанша аят бар?
 Құранда қанша аят бар екендігі жайлы ғалымдардың бірнеше пікірлері бар.
 Бұның себептері кей ғалымдар ұзын сөйлемді бірнеше сөз деп есептесе, кейбірі бір аят деп есептеген. Шафиғи ғалымдары аяттардың басындағы бисмиллә сөзін сүренің ішінде деп есептесе, Ханафи ғалымдары бисмиллә сөзін бөлек бір аят деп есептеген. Сол секілді «Я-син», «Ха-Мим» секілді әріптерге байланысты осындай пікірлер бар.
 Ибн Аббас Құранда 6616 аят,
 Нафи 6217,
 Шәйбә 6214,
 Мысыр ғалымдары 6226,
 Араб тілі және әдебиетін жақсы меңгерген риторик ғалым Замахшари Құранда 6666 аят бар деген пікірлер айтқан.
 Ибн Хузайма «ән-Насиху уәл Мансуху» кітабында Құранда 6666 аят бар деген тоқтамға келіп, аяттарды мына төмендегідей бөліктерге бөлген:
 Уаъ (уәде беру) аяттары – 1000
 Уаъид (жазалану туралы ескерту) аяттары – 1000
 Әмір аяттары – 1000
 Наһи (тыйым) аяттары – 1000
 Хабар және қисса аяттары – 1000
 Мысал және ғибрат аяттары – 1000
 Ахкам (үкімдер) аяттары – 500
 Дұға және тасбих аяттары – 100
 Насих және мансух (үкімдері жойылған) аяттар – 66
 Осылайша барлығы – 6666 аят болады деп жазған.
 Дегенмен Куфа ғалымдары Құранда 6236 аят бар деген пікір айтқан.
Бүгінгі күні Куфилердің пікірі бойынша Құранда 6236 аят бар деген тұжырымға тоқталған.
Қорыта айтар болсақ бүгінгі күні басылып жатқан Құран кітаптарының барлығында 6236 аят бар.
 
Құранда қанша пара (бөлік) бар, әр парада қанша сүре бар?
Құран кәрімде 30 пара яғни бөлік бар, 114 сүре бар. Осы 114 сүре 30 параға ұзындығына байланысты бөлінген.
1-пара: Фатиха сүресі, Бақара сүресінің 141 аятына дейін.
2-пара: Бақара сүресінің 142 аятынан басталып 252-ші аятына дейін.
3-пара: Бақара сүресінің 253 аятынан соңына дейін. Әли Имран сүресінің 91 аятына дейі.
4-пара. Әли Имран 92, Ниса сүресі 23.
5-пара. Ниса 24, Ниса 147.
6-пара: Ниса 148, Мәида сүресі 82.
7-пара: Мәида 83, Анъам сүресі 110.
8-пара: Анъам 111, Ағраф сүресі 87.
9-пара. Ағраф 88, Әнфәл сүресі 40 аят.
10-пара: Әнфәл 41, Тәубә сүресі 93 аят.
11-пара: Тәубә 94, Юныс сүресі, Һуд серсі, Юсуф сүресі 5 аятына дейін.
12-пара: Юсуф 6, Юсуф 52.
13-пара: Юсуф 53, Раъд сүресі, Ибраһим сүресі мен 13 пара бітеді.
14-пара: Жижыр сүресінен басталады, Нахл сүресімен бітеді.
15-пара: Исра сүресінен басталады, Кәһф сүресі 74 аят.
16-пара: Кәһф сүресі 75, Мәрйәм сүресі, Тоһа сүресімен бітеді.
17-пара: Әнбия сүресі, Хаж сүресі.
18-пара: Муминун сүресі, Нұр сүресі, Фурқан сүресі 20 аят.
19-пара: Фурқан 21, Шуъара сүресі, Нәміл сүресі 55 аят.
20-пара: Нәміл сүресі 56 аят, Қасас сүресі, Ъанкабут сүресі 45 аят.
21-пара: Ъанкабут сүресі 46 аят, Рум сүресі, Лұқман сүресі, Сәжде сүресі, Ахзаб сүресі 30 аят.
22-пара: Ахзаб сүресі 31 аят, Сәбә сүресі, Фатыр сүресі, Ясин сүресі 27 аят.
23-пара: Ясин сүресі 28 аят, Саффат сүресі, Сад сүресі, Зумәр сүресі 31 аят.
24-пара: Зумәр сүресі 32 аят, Ғафир сүресі, Фуссиләт сүресі 46 аят.
25-пара: Фуссиләт сүресі 47 аят, Шура сүресі, Зухруф сүресі, Духан сүресі, Жасия сүресі 32 аят.
26-пара: Жасия сүресі 33 аят, Ахқаф сүресі, Мұхаммед сүресі, Фатх сүресі, Хужрат сүресі, Қаф сүресі, Зәрият сүресі 30 аят.
27-пара: Зәрият сүресі 31 аят, Тур сүресі, Нәжм сүресі, Қамар сүресі, Рахман сүресі, Уақиға сүресі, Хадид сүресімен 27 пара бітеді.
28-пара: Мужәдәлә сүресімен басталады, Хашр сүресі, Мумтахина сүресі, Саф сүресі, Жұма сүресі, Мұнафиқун сүресі, Таъабун сүресі, Талақ сүресі, Тахрим сүресімен 28 пара бітеді.
29-пара: Мүлк сүресімен басталады, Қалам сүресі, Хаққа сүресі, Маъариж сүресі, Нух сүресі, Жын сүресі, Музаммил сүресі, Мудәссир сүресі, Қиямет сүресі, Инсән сүресі, Мурсәләт сүресімен 29 пара бітеді.
30-пара: Нәбә сүресімен басталады, Назиғат сүресі, Ғабәсә сүресі, Текуир сүресі, Ынфитар сүресі,Мұтаффифин сүресі, Іншиқақ сүресі, Бүруж сүресі, Тарық сүресі, Ағла сүресі, Ғашия сүресі, Фәжір сүресі, Бәләд сүресі, Шәміс сүресі, Ләйіл сүресі, Зұха сүресі, Шарх сүресі, Тин сүресі, Ғалақ сүресі, Қадыр сүресі, Бәййіна сүресі, Зілзал сүресі, Ғадият сүресі, Қариға сүресі, Тәкәсүр сүресі, Ғасыр сүресі, Һүмәзә сүресі, Філ сүресі, Құрайш сүресі, Мағұн сүресі, Кәусәр сүресі, Кәфирұн сүресі, Насыр сүресі, Мәсәд сүресі, Ыхлас сүресі, Фалақ сүресі, Нас сүресімен 30 пара бітеді.
 
Ізгі тілекпен, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамының көмекшісі,
Қаттани сайтының администраторы: Ұлықбек Алиакбарұлы.
Просмотров: 11587 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 1
1 Асхат  
Неге 11-пара 34 беттен, ал 12-пара 6 беттен тұрады? Қателік бар сияқты. Меніңше 12-пара Юнус сүресі,6 емес, Һуд сүресі,6-дан басталатын сияқты.

Имя *:
Email *:
Код *: