15:29 МЕРЕКЕ ҚҰРМЕТІНЕ ҚҰРАН ЖАРЫСТАРЫ ӨТТІ | |
* * * Дәл осындай жарыс Медеу аудандық орталық мешітінде де өтті. Оған алды 15-16 пара, соңы 1 пара жаттаған жастар қатысты. Бұлар дені Алматы Орталық мешітінің наиб имамдары, қарилар Жұманазар Садырханов пен Данияр Жұмабаевтың дайындап жатқан болашақ қарилары мен осы аудандағы «Думан», «Мекке», «Нұрлы» мешіттері жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері. Жарыс қорытындысы бойынша Мұхитдин Жарылқасын І орын, Ақжол Мұхаммед ІІ орын, Нағым Нағманов, Серғазы Сабытов ІІІ орындарды, Асылбек Құдайқұлов ІV орынды иемденіп, тиісінше марапатталды. Қарилар Мұхаммеджан Әбдімажитов пен Тоқтияр Қожа Мәуліт оқыды. Мешіттегі қарилар орталығына Медеу ауданы ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Серік Түймебаев аудан әкімі атынан шағын автобус көлігін сыйға тартты. Осынау жарысты ұйымдастырып, тиісінше
демеушілер тапқан Медеу ауданының Бас имамы Сәкен Әбдіралинге Алла разы
болсын! Муфтият.кз сайтынан алынды | |
|
Всего комментариев: 0 | |