Главная » 2011 » Сәуір » 11

Пайғамбарымыздың мұғжизаларының бірі айдың екіге бөлінуі. Араларында Әбу Жәһл мен Уәлид бин Мұғира болған мүшриктер тобы Расулуллаһқа: «Егер сен шынымен пайғамбар болсаң айды екіге бөліп, бір жартысын Куайкиан тауының, екінші жартысын Әбу Қубәйс тауының үстінен көрсет…» деді. Расулуллаһ алейһиссалам: «Егер айтқандарыңды істесем иман келтіресіңдер ме?» деп сұрады. Олар: «Иә, иман келтіреміз» деді. Расулуллаһ айдың екіге бөлінуі үшін Аллаһу та’алаға дұға етті. Жәбрейіл алейһиссалам сүйікті пайғамбарымыздың жанына келіп: «Ей Мұхаммед! Осы түнде Меккеліктерді мұғжизаны көруге шақыр» деді. Пайғамбарымыз айдың он төртіне, яғни ай толған түні ғибрат алғысы келетіндердің айдың екіге бөлінетінін көрулерін сұрады. Сол түні сүйікті пайғамбарымыз мүбәрәк саусағымен айды нұсқаған кезде, ай екіге бөлінді. Бір жартысы Әбу Қубәйс, екінші жартысы Куайкиан тауының үстінен көрінді. Сосын қайтадан бірікті. Расулуллаһ сахабаларына «Ей, Әбу ... Читать дальше »

Просмотров: 1193 | Добавил: nuryessey | Дата: 11.04.2011 | Комментарии (0)

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) үлкен ұлы Қасым он жеті айлық кезінде шетінеп кеткен еді. Бұл қайғылы оқиғадан біршама жыл өткеннен кейін тағы бір ұлы Абдуллаһ (радиаллаһу анһ) та қайтыс болды. Расулуллаһ алейһиссалам мүбәрәк көздерінен жас парлап тұрған күйде тауға қарап: «Ей, тау! Менің басыма түскен іс сенің басыңа келсе шыдай алмай қирар едің!» деп қайғысын білдірді. Хазіреті Хадиша анамыздың: «Йа Расулаллаһ! Олар қазір қайда?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз: «Олар жұмақта» деп жауап берді. Әлемдердің сұлтаны – сүйікті пайғамбарымыздың екі ұлының да қайтыс болғанына мүшриктер қатты қуанды. Әбу Жәһл сияқты кәпірлер мұны оңтайлы сәт деп есептеп: «Енді Мұхаммед тексіз, оның ұрпағы кесілді. Тегін жалғастыратын ер баласы қалмады. Өзі өлген соң аты да, даңқы да өшеді» деп жар салды. Осы жағдайға орай Аллаһу та’ала «Кәусар» сүресін түсіріп, Расулын жұбатты: ... Читать дальше »

Просмотров: 1210 | Добавил: nuryessey | Дата: 11.04.2011 | Комментарии (0)