Главная » 2011 » Ақпан » 15 » АҚПАННЫҢ 14-ІНЕН 15-ІНЕ ҚАРАҒАН ТҮНІ - МҰХАММЕД (С.Ғ.С) ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ТУЫЛҒАН КҮНІ
14:35
АҚПАННЫҢ 14-ІНЕН 15-ІНЕ ҚАРАҒАН ТҮНІ - МҰХАММЕД (С.Ғ.С) ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ТУЫЛҒАН КҮНІ


2011 жылғы ақпан айының 14-інен 15-іне қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні.

Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өтеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде һижри IV-V ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мейрамды бір-екі мемлекеттен өзге барлық ислам әлемі ерекше мерекелейді.

Мәуліт - араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз. Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», - деген. Сондықтан да әр жылы ай тізбесінің рабиғул-әууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулітін мерекелеп, Алла тағала бізді өзінің сүйікті пайғамбары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі етіп жаратқанына алғысымызды білдіріп, сүйікті хабибіне жамағат болып салауаттар айтамыз.

АСТАНА. 14 ақпан.

ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/

Просмотров: 1213 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: