Главная » 2011 » Ақпан » 15


Атақты «Әл-Азхар» университетінің танымал бір шәкіртінің айтуынша, «Ислам – ең жас дін» деген сөзді тек білімсіздер ғана айтады екен… Осы сөзді естіп алып ойланып қалдым. Өйткені, дәл осы тіркесті көп қолданатындардың санатында мен де бар едім. Байқасам, айтып отырғаны дұп-дұрыс. Қараңыз, мұсылман баласы Адам Атадан (ғ.с.) Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) пайғамбарымызға дейінгі Алла тарапынан жіберілген барша пайғамбарларды (ұзын саны жүз мыңның үстінде, нақтысы Аллаға мәлім) мойындайды. Ол – Исламның алты тірегінің үшіншісі.

Сол Адам Атадан (ғ.с.) бастап Құранға дейінгі барлық Алланың түсірген кітаптарына не жазбаларына иман келтіруіңіз керек. Оның ішінде Мұсаға (ғ.с.) түскен Таурат пен Исаға түскен Інжіл, Дәу ... Читать дальше »

Просмотров: 1097 | Добавил: nuryessey | Дата: 15.02.2011 | Комментарии (0)


2011 жылғы ақпан айының 14-інен 15-іне қараған түні Мәуліт ән-Нәби Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні.

Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздың мәулітін атап өтеді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде һижри IV-V ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жайлы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мейрамды бір-екі мемлекеттен өзге барлық ислам әлемі ерекше мерекелейді.

Мәуліт - араб сөзі, қазақ тілінде «туған күн» деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардар ... Читать дальше »

Просмотров: 1213 | Добавил: nuryessey | Дата: 15.02.2011 | Комментарии (0)