Главная » 2011 » Сәуір » 29 » Дүниеқұмарлық - ұнамсыз қасиет
12:02
Дүниеқұмарлық - ұнамсыз қасиет

Аса қамқор ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.Пайғамбарымыз Мухаммед Мұстафа (с.а.у) сахабаларымен Ұхұд тауының жанынан өтіп бара жатып көзіне жас алып сахабаларына былай деп өсиет еткен. «Мен үмбетімнің басқа дінге өтуінен емес дүниеге табынып кетеме деп қорқамын». Құлдарын тәрбиелеу мақсатында Аллаһ Тағала белгілі бір амалдарды орындауға немесе олардан бойымызды аулақ ұстауға шақырады. Жаппар Иеміз сүймейтін және мұсылмандардың бойында болуын да қаламайтын ұнамсыз қасиеттердің бірі – дүниеқұмарлық. Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала:
«Біліп қойыңдар! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән ғана. Өзара мақтанысу, сондай-ақ мал-дүние мен балаларды көбейтудің жарысы. Бейне бір өсірген өсімдігімен егіншілерді таң қалдыратын жаңбыр сияқты. Сосын қурап, сап-сары болғанын көресің. Содан кейін үгінді болады. Дүние тіршілігі де сол сияқты. Ал ақыретте (кәпірлер үшін) қатты азап, (мүминдар үшін) Аллаһтан жарылқау, ризалық бар. Негізінде, дүние тіршілігі алданыштан басқа ештеңе де емес», – деп дүние тірлігінің нағыз бет пердесін ашып берді. Пайғамбарымыз (с.а.у) мына алдамшы қысқа ғана өмірде қызықтарға көңіл бөлмей өмір сүрудің үлгісін үмбетіне көрсетіп өтті. Бүкіл дүние уысына берілсе қуанбайтын, бүкіл дүние уысынан шықса да ренжімейтін. Пайғамбарымыз үшін ғаламды уысында ұстаумен жерден тас тауып алудың арасында айырмашылық жоқ еді. Бірақ бұны бүкіл дүниеден безіп кету деп қате қорытынды шығаруға болмайды. Бұл тәрк ету жүрекпен болған. Яғни дүние мүлік жүректен емес тек қалтадан ғана орын алған. Қазіргі таңда адам баласы тек ғана дүниенің қамын ойлап сол дүние үшін ар намысын сатып жаратқанын ұмытуда. Бірақ бұның арты қайғы мұңмен аяқталатынын біле тұра ақ жолдан таяамыз. Пайғамбарымыз осыны ойлап қамықты.Бізді дүние әлегіне түсіп кететінімізден қорықты. Сөйтсек оның жөніде бар екен. Айналаға көз жүгіртіп көрейікші.Таңертен көзімізді тырнап ашқаннан бастап, бұл дүние бізді еліктіріп әкетіп бара жатқан жоқ ба? Ары бері зырылдап жатқан көліктермен жайау адамдар еш тоқтаусыз ненің соңына түсіп кеткен. Анағанда мынағанда асығамыз әр бір ісіміздің ақыры не боларын бір сәтте ойланбай сүңгіп кетеміз. Ертең ақырет күнінде Аллаһтың алдына барғанда жағдайымыз біздің не боларын бір сәт болса да ойлансақ. Әрине бұның барлығы дүниеден безіп кету деген мағына емес Аллаһ берген дүниені Аллаһ жолында жұмсаған құлдардың қатарында болайық деп шақыру ғана. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у) Абу Зәрр деген сахабамен бірге үлкен бір таудың жанынан өтіп бара жатып Ей Абу Зәрр егер менде осы таудай байлығым болған да мен қуанып осылай осылай таратсам деп мубарак қолдарын оңға солға және артына сілтеп көрсетті. Міне Бұл біз үшін үлгі алатын оқиға.Жаманмен жақсы егіз дейді дана қазағым бүгінгі таңда аймағымызда баймен кедей егіз боп тұр. Сол мұқтаж жандарға көмек беру олда имандылықтан. Аллаһ Тағалада сол үшін дүниені адам баласына сынақ етіп береді мұқтаж жанға бөліп беріп қарайласа мекен деп. Қайдан бізден сондай даналық шықсын. Берген нығметтерге қанағат тұту жоқ әліде дүнием болса екен деп армандап біреуге бөліп беру былай тұрсын өзімізден тұған туыс балашағадан аяп жүріп сасық дүниенің соңына жетеалмай фани дүниеден өтеміз. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде Адам баласынның жүрегінде иман болмас а Ол адамға бір тау алтын берсе ол енді бір тау алтыным болса екен деп қалайды деген. Иә жүректе иман мейірім ақыретке деген сенім болмаса бүкіл пенденің жолдан таяары анық., Пайғамбарымыз дүниеден өтіп бара жатып үмбетіне былай деп айтқан : Ей Үмбетім мен сендерге 2 нәрсе тастап барамын соны ұстансаңдар адасбайсыңдар бұл 2 нәрсе дегенім 1-і .Аллаһтың сөзі болған Құран 2-і ол менің хадисім деп бүкіл адамзатқа ақ жолды көресітіп өтті.. Абай хакім «Ақылды жан алданбас, Ақылсыз жан қорғанбас» деген ей ақылды жан боп бір жаратқанға бас иеген берген нығметтеріне қанағат тұтып мұқтаж жандарға қарайласқанүмбет болып мына қысқа алдамшы дүниені өткізуді Аллаһ барша мұсылмандарға нәсіп етсін. Сөз соңында Пайғамбарымзыдың мына хадисін айта кетуді жөн көрдім. Пайғамбарымыз(с.а.у) Әбу Хурайра деген сахабасына саған дүниенің шын бет бейнесін көрсетейін деп оны Мадинаның қоқыстары төгілетін жерге ертіп келді. Онда жыртық киімдер,адамның түрлі ластықтары шашылып жатыр еді.Соларды нұсқады да: Мына нәжістер адамдар бұрын жеген жылы жұмсақ тағамдар еді. Қайдан болса әйтеуір тауып ауызға сала беруші еді. Қазір қарашы,жұрттың бәрі бұлардан аулақ қашады. Мына тозығы жеткен маталар бір кездері әдемі,әсем киімдер еді. Қазір ше? Жел олардың тоз тозын шығарған. Мына сүйектер олар мініп алып жер жерді шарлап,шапқылап жүрген көліктерінің сүйектері. Міне дүниенің жағдайы мен ақыры осы. Енді дүние тірлігі үшін жылағысы келгендер жыласын деді. Яа Аллаһым Аса қамқор ерекше мейірімдісің барша мұсылмандардың жүрегіне иман шуағын төге көр! Адасқандардың жолына сала көрме. Әмин.


ММҰОдағының ақпарат өкілі Дінтанушы Кенжетай ұлы Ержан

Просмотров: 1913 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: