Главная » 2011 » Ақпан » 7 » Кентауда мәуліт мерекесі өтті
23:54
Кентауда мәуліт мерекесі өтті
Ағымдағы жылғы 5 ақпан күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігіне қарасты Кентау орталық мешітінің ұйымдастыруымен Кентау қаласы, Ш.Қалдаяқов атындағы «Мәдениет сарайы» мемлекеттік мекемесінің залында «Қош келдің, Мәуліт айы!» атты  рухани кеші өткізілді.
Рухани кешке облыс өкіл имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, аудан, қала имамдары, қала басшылығы, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қала тұрғындары, барлығы 800-ге жуық адам қатысты.
Рухани кеште дін тұрғысындағы әндер мен жырларға кезектер берілді. Діни өлеңдер оқылып, термелер орындалды.
Қатысушыларға Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмір жолы жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырысымен түсірілген бейнефильм көрсетілді. Сондай-ақ, рухани кеш барасында Түркістан драма театрының өнерпаздары «Пайғамбардың соңғы намазы», «Шайтанның арбауы» атты саханалық қойылды. Сондай-ақ, кеш барысында Кентау қаласы арнайы мектеп-интернат оқушыларының қатысуымен «Сәбидің үні» және ақын Рахым Балабидің «Біләлдің соңғы азаны» атты  сахналық қойылымдар қойылып, жұртты тәнті етті.
Іс-шара барасында Кентау орталық мешітінің тарапынан жарық көрген кітапшалар мен Діни басқарма жанындағы сараптау комиссиясының мақұлдауынан өткен діни әдебиеттер тегін таратылды.
Кітаптардың тегін таралуына жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүзеге асырылды.
Рухани кеш барасында Өкіл имам Б.Мырзагелдиев қасиетті Мәуліт мерекесі мен құттықтап, асыл дінімізге шынайы қызмет етіп жүрген аудан, қала имамдары мен жергілікті мешіт жанашыры, демеуші азаматтарды өзінің арнайы алғыс хатымен марапаттады.
Жалпы, қатысушылар жоғары деңгейде ұйымдастырылған кештен үлкен рухани нәр алып, ризашылықтарын білдіріп тарасты.
Рухани кешті жергілікті «Шымкент Қазақстан», «Икар» телеарналары арқылы таралды.
Бұл іс-шара облыстағы барлық аудан, қала мешіттерінің ұйымдастыруымен бір ай бойы жалғасын табатын болады.

 Ақпарат көзі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің
баспасөз қызметі
Просмотров: 1138 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: