Главная » 2011 » Ақпан » 4 » Мәуліт түні
01:41
Мәуліт түні
Дүниедегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбардың ең соңғысы жәнне ең үстемі Мұхаммед «алейһиссалам» 571 жылы сәуірдің 20-на сай келетін Рәбиуләууәл айының 12-сі дүйсенбі күні түнде таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Мәуліт түні ақпан айының 14-нен 15-не қараған түнге сәйкес келеді. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәулід қасидасы, өлеңдері оқылып, расулуллаһ еске алынады. Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді. Хазреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбарымыз туылған кездегі байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты іс болады. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары. «Мәулід оқу» - пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәулід түні қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Бұл түні пайғамбарымыздың туылғанына қуанғандар кешіріледі. Хадис шәрифтерде былай бұйырылған: «Мені әке-шешесінен, баласынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам шынайы иман келтірген бола алмайды». «Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине оны көп есіне алады». «Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады». Бұл түні сазды аспаптар және басқа да харам нәрселерді араластырмай, еркек-әйел араласпай, Аллаһ ризалығы үшін мәуліт жиындарын ұйымдастыру, мәулід оқу, салауат айту, халыққа дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстахаб болады. Бұл күні Құран Кәрім оқу, қаза намаздарды оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақ Тағаладан күнәларымыздың кешірілуін тілеу керек. Аллаһ Тағала тілек, дұға ниеттерімізді қабыл етсін. Мәуліт құтты болсын мұсылман бауырлар!

«Әлі-Бекен» мешітінің найб имамы 

Әбдімүтәліп Сәттібайұлы
Просмотров: 1256 | Добавил: nuryessey | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: