Пайғамбарымыздың мұғжизаларының бірі
айдың екіге бөлінуі. Араларында Әбу Жәһл мен Уәлид бин Мұғира болған
мүшриктер тобы Расулуллаһқа: «Егер сен шынымен пайғамбар болсаң айды
екіге бөліп, бір жартысын Куайкиан тауының, екінші жартысын Әбу Қубәйс
тауының үстінен көрсет…» деді. Расулуллаһ алейһиссалам: «Егер
айтқандарыңды істесем иман келтіресіңдер ме?» деп сұрады. Олар: «Иә,
иман келтіреміз» деді. Расулуллаһ айдың екіге бөлінуі үшін Аллаһу
та’алаға дұға етті. Жәбрейіл алейһиссалам сүйікті пайғамбарымыздың
жанына келіп: «Ей Мұхаммед! Осы түнде Меккеліктерді мұғжизаны көруге
шақыр» деді. Пайғамбарымыз айдың он төртіне, яғни ай толған түні ғибрат
алғысы келетіндердің айдың екіге бөлінетінін көрулерін сұрады. Сол түні
сүйікті пайғамбарымыз мүбәрәк саусағымен айды нұсқаған кезде, ай екіге
бөлінді. Бір жартысы Әбу Қубәйс, екінші жартысы Куайкиан тауының үстінен
көрінді. Сосын қайтадан бірікті. Расулуллаһ сахабаларына «Ей, Әбу
...
Читать дальше »